Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Ақшатау орта мектебі» КММ

КГУ «Акшатауская средняя школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

Ақшатау мектебінің тарихы

 

АҚШАТАУ ОРТА МЕКТЕБІ – жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылында орналасқан. Алғаш рет бастауыш мектеп болып Ақшатау колхозында ХХ ғасырдың 30-жылдары ашылған. Сол кездері Ақшатау территориясында 4 колхозда Ақшатау, Талтоғай, Ащықара, Еңсеген ауылдарында бастауыш мектептері ауыл балаларының сауатын ашуға кірісті. Мектепте колхоз жұмысшыларының балалары оқыды. 1952 жылға дейін бастауыш мектеп болса, колхоздардың іріленуіне  орай  1952 жылдан 1960 жылға дейін жетіжылдық мектеп болды. 1960 жылы Қаракемер елді мекенінде жаңа мектептің салынуына байланысты мектеп қайтадан бастауыш мектепке айналды. Сол кездері мектепте Қараманова Ынта,  Нұрмұханов Селеу,  Нәренов Салаш, Өрбісінов Тонажан,  Құбиев Сәрсенбай, Саржігітов Ақкерей,  Қарағойзин Салахаддин,  Көпмағанбетов Рахметолла,  Алтыбаев Ораз,  Құрманалин Дәуіт,  Ермұханов Дауылбай,  Докина Мәпіш,  Оразова Салима,  және тағы да басқа ұстаздар қауымы еңбек етті. 

мектеп_007.jpg

Кейіннен 1973 жылы жаңа мектеп ғимараты салынып, сегізжылдық мектепке айналып, мектеп атауы  Ақшатау сегізжылдық мектебі болып аталды. Сол жылдан бастап 1988 жылға дейін  мектеп директоры болып Мерғалиев Әділхан ағай қызмет етті. 1988 жылдан 2014 жылға  дейін  Жайлыбаев Мінсізбай мектеп директоры  қызметін атқарса, 2014 жылдан мектеп директоры қызметін осы мектептің түлегі  Қарасаев Бекжан Кәрімұлы атқарып келеді. 2009-2010 оқу жылында мектеп директоры қызметін  Қазбеков Нұрлан  атқарды.  Сол кездерден осы уақытқа дейін білім мен тәрбие беруде  қызмет  еткен  бірқатар ұстаздарымызды мақтанышпен атап өтуімізге болады. Олар: Серғалиева Жолдай, Өтеалиева Ғалия, Нұрмашев Уақит, Альхамова Шағима,  Бектұрғанова Бақтылы, Асанғалиев Мақсот,  Мұханбетов Ешмұқан,  Мұханбетова Биғаш,  Жұмағалиева Гүлзада, Ибрашева Жұмазия,  Ибрашева Меңзия, Демесінов Бөрібай, Оразалина Кенжетай, Айжарықов Қоныс, Айжарықова Света, Мерғалиев Әділбек, Қойбағарова Разия, Мерғалиева Света, Қаплиева Айгүл,  Мүсірова Гүлнар,  Аққасанова Айсұлу,  Құлмурзина Рая, Кенжеғазина Айтгүл,  Алишева Аягөз, Қарасаева Мәншүк,  Таушанова Айгүл, Тлеумағанбетова Қаракөз,  Қарасаева Гүлмира, Құлмурзин  Ұлан, Бөлтекова  Ләззат,  Қарасаева Ира,  Дабылова Сағыныш,  Сағиданова Назгүл,  Нұрғалиева Базаргүл, Құрманғалиева Гүлайым,  Басауова Салима, Төралы Данияр  және т. б. мұғалімдердің есімін құрметпен атап өтуге болады.

  WhatsApp_Image_2024-11-08_at_11.13.59_1.jpeg 

Нұрмашев Уақит   1986 жылы Қазақ ССР-нің «Аға мұғалімі» атағын иеленді.

  1987 жылы мектеп атауы Ақшатау орталау мектебі болып өзгертілсе, Ойыл аудандық акиматының 28 ақпан 2005 жылғы №61 қаулысымен мектеп атауы «Ақшатау негізгі мектебі» болып аталды. 2012-13 жылдары жаңа типтік жобадағы ғимараттың салынуына орай, Ойыл ауданы әкімдігінің 26.08 2013 жылғы №194 қаулысы негізінде мектеп атауы «Ақшатау орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

мектеп_алды.jpg

Қазіргі таңда мектебімізде сапалы білім, саналы тәрбие беруде 30 педагогикалық қызметкер еңбек етуде.

  Олардың 18  жоғары білімді, 12 арнаулы орта білімді мамандар. Біліктілік санаты бойынша  педагог-зерттеуші - 3 педагог, педагог-сарапшы – 8 педагог, педагог-модератор - 8 педагог.

Мектеп типтік 2 қабаттан тұратын ғимаратта орналасқан. Мектепте жалпы 13 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері: 1 әмбебап /жаратылыстану пәндері/ кабинет, 1 физика кабинеті, 1 химия кабинеті, 1 информатика кабинеті, 1 лингофон кабинеті,  технология ер балалар үшін 1 кабинет, технология қыз балалар үшін 1 кабинет бар. Сонымен қатар мектепте 1 спорт залы,  1 кітапхана бар. Алғашқы әскери дайындық пәніне арналған 1 оқу кабинеті бар. Мектеп асханасы 32 орындық. 

   1973 жылдан бастап есептегенде бүгінгі таңға дейін 550 –ден аса түлек негізгі және орта мектепті бітіріп шыққан. Осы түлектер қазіргі таңда халық шаруашылығының әр саласында еңбек етуде. 16 түлек үздік куәлік иегері атанған. Атап айтар болсақ,  Құлмурзина Рая,  Нурмашева Алия, Қарасаева Гулназ, Нурмашева Ғалия, Сағиева Айман, Текебаева Роза, Аханова Ақтоты, Насухина Гаухар, Жайлыбаев Ерұлан, Әділханов Есболат, Жұрымбаева Гүлжанат, Қосанова Дарина, Кәрім Бексұлтан, Сайынова Зарина, Бақтыгереев Жасұлан, Жарқынбаева Мөлдір. Какиева Инна, Кәрім Бекарыс, Қонысов Бекарыс

  Жұрымбаева Гүлжанат – ауылдан шыққан тұңғыш орта мектептің үздік аттестат иегері.

Сайынова Зарина мектебіміздің тарихында тұңғыш рет «Алтын белгі» иегері атанды. Екінші «Алтын белгі» иегері- Бақтыгереев Жасұлан

 Мектеп басшылары

 WhatsApp_Image_2024-11-08_at_11.14.00.jpeg

    Мерғалиев Әділхан – 1928 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Теректі ауылдық округінде дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң, Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны 1946 жылы бітіріп шыққан. 1949 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік мұғалімдер институтының тарих факультетін бітірген. 1949-1950 оқу жылында №22 ауыл Көптоғай жеті жылдық мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып орналасады. 1952 жылы Ойыл қазақ орта мектебінде мұғалім, 1953 жылы Ойыл кешкі мектебінің директоры болып қызмет атқарады. 1954 жылы Ш.Берсиев жеті жылдық мектебінің директоры болды. 1959-1964 жылдары Амангелді жеті жылдық мектебінің оқу ісі меңгерушісі, 1965-1972 жылдары Қаракемер сегіз жылдық мектебінің оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарды. 1973-1988 жылдары Ақшатау сегіз жылдық мектебінің директоры болып, 1988 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.

         Ел үшін жасаған еңбегі еленіп, бірнеше рет облыстық, аудандық оқу бөлімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Тыл ардагері «Ұлы жеңістің 50 жылдық», «Ұлы жеңістің 60 жылдық» мерекелік медальдарының иегері.

 

WhatsApp_Image_2024-11-08_at_11.31.54.jpeg

 

Жайлыбаев Мінсізбай – 1961 жылы 25 мамырда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаракемер елді мекенінде дүниеге келген.

1982 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Қаракемер сегіз жылдық мектебінде 1982-1988 жылдары аралығында физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1988-2013 жылдар аралығында Ақшатау орталау мектебінде директор болып қызмет атқарды. Еңбек еткен жылдары күрес түрлері бойынша, ауыл спортын көтеруге көп еңбек сіңірді. Тәрбиелеген шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жеңімпазадар мен жүлдегерлер қатарында болды.

1.Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясынан» «Самбо күресінің құрметті ардагері» медалімен марапатталды, 2019ж №102.

2. Қазақстан Республикасының Президентінің атынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, 2019 ж. №12472.

3. «Қазбат жауынгерлік іс-қимылдар және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің №81 бұйрығымен әскери патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін «Қазақстан патриоты» медалімен марапатталды.

4.  Облыстық білім басқармасынан білім беру саласындағы қалтқысыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2012 ж.

5. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінен білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2016 ж.

   2014 -2024 жылдар аралығында Жайлыбаев Мінсізбай Ақшатау орта мектебінде қазақша күрес үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты. Осы қызметке орналасқаннан бері Жайлыбаев Мінсізбай тынымсыз еңбек етуде. Соның нәтижесінде шәкірттері облыстық, республикалық деңгейде көрінуде. Шәкірттерінің жетістігі ауылымыздың ғана емес, ауданымыздың және облысымыздың атын елге танытуда.

WhatsApp_Image_2024-11-08_at_11.13.59.jpeg

Қазбеков Нұрлан – Ойыл ауданында 1963 жылы дүниеге келген. 1970-80 жылдары аралығында Саралжын орта мектебінде білім алып, 1985-88 жылдары Ақтөбе индустриалды педагогикалық техникумын аяқтап, 2000-2005 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Университетін «дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1988-94 жылдары Ойыл аудандық спорт комитетінің председателі болып қызмет атқарса, 1994-2007 жылдар аралығында Ойыл орыс орта  мектебінде, Ойыл қазақ орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған. 2007-2009 жылдары Ж.Жүсібалиев  атындағы Ойыл қазақ орта мектебі жанындағы интернатта меңгеруші болды. 2009-2010 оқу жылында Ақшатау негізгі мектебінде мектеп директоры қызметін  атқарды. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орта мектебінде өз мамандығы бойынша еңбек етуде.

 

 

 

 

Мектеп директорының орынбасары /оқу ісінің меңгерушісі/ қызметін атқарғандар: Бектұрғанова Бақтылы, , Серғалиева Жолдай, Нұрмашев Уақит,  Жұмағалиева Гүлзада, Қарасаева Маншук, Тынысбаев Ахметжан, Карасаев Бекжан, Бақтыгереева Элвира, Қазбекова Айнаш, Махатова Айдана, Басауова Салима

 WhatsApp_Image_2024-10-23_at_17.32.36.jpeg

   2014 жылдан бастап   қазіргі таңға дейін  Қарасаев Бекжан Кәрімұлы директор болып қызмет атқарып келеді.

Қарасаев Бекжан  1975 жылы 15 қазанда Ақшатау ауылында  дүниеге  келген. 1992 жылы Н.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебін бітіріп, 1993-1995 жылдар аралығында ҚР Қарулы күштер қатарында болды.1995 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтына түсіп, 1999 жылы жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетін «биология және география пәнінің мұғалімі» мамандығы  бойынша бітіріп шықты.

1999 жылдан Ақшатау негізгі мектебінде қызмет етіп келеді.

Жетістіктері:

1. «Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең  ұрпақты  тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері»  үшін Білім және ғылым министрлігінен   «Алғыс хат» 2019 ж.

2. Қазақстан Республикасының салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» 2017 ж.

3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасы Н.Назарбаевтың атынан «Алғыс хат», 2021 ж.

5. География пәнінен мұғалімдер арасында өткен облыстық пәндік олимпиадада I орын, 2019 ж.

6. География пәнінен мұғалімдер арасында өткен облыстық пәндік олимпиадада II орын, 2020 ж.

7. Республикалық салалық кәсіподақ ұйымының «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталды.2024 жыл.

© 2024 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Ақшатау орта мектебі» КММ КГУ «Акшатауская средняя школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области