10 Желт 2020
Мектеп өмірінен

Мектеп өмірінен

Мектеп тарихы

Ақшатау орта мектебі – жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылында орналасқан. Алғаш рет бастауыш мектеп болып Ақшатау колхозында ХХ ғасырдың 30-жылдары ашылған. Мектепте колхоз жұмысшыларының балалары оқыды. 1955 жылға дейін бастауыш мектеп болса, колхоздардың іріленуіне орай 1955 жылдан 1960 жылға дейін жетіжылдық мектеп болды. 1960 жылы Каракемер елді мекенінде жаңа мектептің салынуына байланысты мектеп қайтадан мектепке айналды.

Сол кезеңдерде Қараманова Ынта, Нұрмұханов Селеу,Нәренов Салаш,Өрбісінов Томажан,Құбиев Сәрсенбай ,Құрманалин Дәуіт және тағы басқа да ұстаздар еңбек етті.

Кейіннен 1973 жылы жаңа мектеп ғимараты салынып, сегізжылдық мектепке айналып, мектеп атауы Ақшатау сегізжылдық мектебі болып өзгертілді.  Осы жылдан бастап 1988 жылға дейін мектеп директоры болып Мерғалиев Әділхан қызмет етсе, 1988 жылдан 2014 жылға дейін Жайлыбаев Мінсізбай,2009-2010 оқу жылында мектеп директоры қызметін Қазбеков Нұрлан атқарды. Осы кезеңдер аралығында да оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруде қызмет еткен бірқатар ұстаздарымыз: Серғалиева Жолдай,Өталиева Ғалия,Нұрмашев Уақит,Альхамова Шағима, Жұмағалиева Гүлзада, Құлмурзина Рая, Құрманғалиева Гүлайым және тағы басқа да мұғалімдердің есімін құрметпен атап өтуге болады. 1990 жылы мектеп атауы  Ақшатау орталау мектебі болып өзгертілсе, 2000 жылдан мектеп «Ақшатау негізгі мектебі» болып аталды. 2013 жылдың қыркүйек айында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша жаңа типтік жобадағы салынуына орай мектеп «Ақшатау орта мектебі» статусына ие болды. Қазіргі таңда мектебімізде сапалы білім, саналы тәрбие беруде 36 педагог қызметкер еңбек етуде.

2014 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Карасаев Бекжан атқаруда.

1973 жылдан бастап есептегенде бүгінгі таңға дейін 600-ге жуық түлек мектепті бітіріп шыққан. Осы түлектер қазіргі таңда еліміздің халық шаруашылығының әр саласында еңбек етуде. Кейбір түлектерімізді мақтанышпен айтуға болады.

Насухин Шадыман-медицина ғылымдарының кандидаты. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде дәріс береді.

Сапаров Төлеу- Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бөлімінің бас дәрігері

Сапаров Демеу-Астана қаласында Қауіпсіздік Департаментінің бөлім бастығы

11 түлек үздік куәлік иегері атанған:Атап айтар болсақ, Кулмурзина Рая,Нурмашева Алия, Карасаева Гулназ,Нурмашева Галия,Сагиева Айман,Текебаева Роза,Алипова Жанаргул,Насухина Гауһар,Жайлыбаев Ерұлан,Әділханов Есболат,Жұрымбаева Гүлжанат

 

2015 жылы 16 маусымнан бастап «Ақшатау негізгі мектебі» ММ-сі «Ақшатау орта мектебі» КММ-сі болып өзгертілді.

Ардагер ұстаздар туралы мәлімет

Альхамова Шағима – 1973-1997 жылдар аралығында мектепте  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Мектебіміздің ардагер ұстаздарының бірі

Айжарықова Светлана Ақмырзақызы-1955 жылы,29 наурызда Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы,Қаракемер ауылында дүниеге келген.19777-2013 аралығында Ақшатау орта мектебінде жұмыс жасады.Негізгі мамандығы- физика пәнінің мұғалімі

Оразалина Кенжетай – 1954 жылы 28 сәуірде   Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келген.  1973-2012 жылы аралығында бастауыш пәнінің мұғалімі болды

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар